Еліміздің көптеген тұрғындары, егер барлығы болмаса да, Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) енгізілгені туралы естіген.
Бірақ сұрақтар туындай береді; азаматтар денсаулық сақтау саласындағы осы маңызды реформаның егжей-тегжейін білгісі келеді.
Қазіргі уақытта шамамен 6 миллион қазақстандық міндетті медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған, жұмыс берушілер олар үшін жарналарды 2017 жылдың шілдесінен бастап төлеп келеді. Бұл оларға тегін медициналық көмектің ең төменгі стандартына кіретіндерден тыс қосымша медициналық қызметтер алуға мүмкіндік береді.

