1 наурыз – Алғыс айту күні/1 марта –День благодарности

    Бүгін Талдықорған қаласындағы мамандандырылған Балалар үйінде «1 наурыз – Алғыс айту күні» мерекесіне орай «Ризашылық»  тақырыбына мерекелік ертеңгілік өтті. Ертеңгілікте қаламыздың №2 мектебінің оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Бүлдіршіндерге арналған мерекелік дастархан жайылды. Тәрбиеленушілерді бүгінгі мерекемен орталық мешіт имамы, Экономикалық соттың қызметкерлері және Талдықорған қаласының қамқоршылық және қорғаншылық органының қызметкерлері құттықтап, сыйлықтарымен балаларды қуантты.

       Сегодня в специализированном Доме ребенка г.Талдыкорган в честь праздника «1 марта –День благодарности» прошло  мероприятие на тему  «Доброта во благо детям!».  В честь праздника детей, со своей концертной программой  пришли поздравить  учащиеся школы № 2. Детям был накрыт праздничный стол. А так же с подарками для наших воспитанников  учреждение посетили специалисты органов опеки и попечительства г.Талдыкорган,  судьи Экономического суда и имам центральной мечети г. Талдыкорган.